Палестинаны қолдау конференциясының тұрақты хатшылығы Дүниежүзілік Құдс күніне орай мәлімдеме жасады
Палестинаны қолдау конференциясының тұрақты хатшылығы Құдс күнін "Үлкен шайтан» мен сионистердің қастандықтарымен күресу жолында бірігуге берілген ең қолайлы мұрсат деп атады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің "Палестинаны қолдау" халықаралық конференциясының тұрақты хатшылығы Дүниежүзілік Құдс күніне орай мәлімдеме жасап: "Иранның батыл да намысшыл халқы, азаттық сүюші барлық халықтар мен Палестинаны демеушілер басқа кезден көбірек ұжымдасқан түрде Рамазан айының соңғы жұмасындағы шеруге қатысып, Газа қоршауында қалған мазлұм халыққа көмекке асығады.
АҚШ Президентінің Бейт ул-Мұқаддасты заңсыз түрде сионистік режимнің астанасы деп жариялап, АҚШ елшілігін қасиетті Құдсқа көшіргені мен АҚШ үкіметінің "Ғасыр келісімі" деп аталатын бітім жобасының тұсауын кесуге шешім қабылдауына байланысты биыл Дүниежүзілік Құдс күніне арналған рәсімдер өте маңызды болмақ.
АҚШ үкіметі аймақтағы дағдарысты, елдер арасындағы қайшылықтарды, кейбір араб елдерінің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыптандыруға бағытталған шараларын пайдаланып, Трамптың "Ғасыр келісімі" деп аталатын бітім жобасын таңып, Палестина халқын тізе бүгуге көндіріп, Палестина мәселесін тоқтатуды мақсат тұтып отыр. Бұл келісім ислам әлемінің ортасында сионистік еврей мемлекетін құрып, палестиналық босқындардың қайтып оралу тақырыбын күн тәртібінен алып тастау үшін жобаланған",-деп баса айтты.