Иран президенті Қытайға аттанды
https://itolqyn.com/news/iran-i37612
ИИР президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 18-ші отырысына қатысу мақсатында Қытайдың Циндао қаласына аттанды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 08, 2018 20:19 Asia/Almaty

ИИР президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 18-ші отырысына қатысу мақсатында Қытайдың Циндао қаласына аттанды.

Хасан Рухани жұма күні Теһраннан кетер алдында өткізген баспасөз отырысында ШЫҰ отырысының негізгі тақырыбын аймақ қауіпсіздігі мақсатындағы ынтымақтастық пен үйлесімдік деп атап, аймақтағы лаңкестік пен тұрақтылықты осы отырыста талқыланатын тақырыптардың бірі деп көрсетіп, Иранның әсірешілдік және лаңкестікпен күресте жақсы тәжірибеге ие екенін айтты.

ИИР президенті сондай-ақ отырыс барысында АҚШ-тың біржақтылық мәселесінің қарастырылатынын баяндап: "АҚШ-тың әлем үшін қабылдаған шешімі – қате. Бұл елдің барлық халықаралық заңдарға қайшы көпжақты келісімнен ешбір дәлел мен сылтаусыз шығуы халықаралық қауымдастықты қорлау және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзу болып табылады",- деп мәлімдеді.