Иран Президенті ел халқын Ораза айтпен құттықтады
ИИР Президенті ел халқын Ораза айт мейрамымен құттықтап, Әлемдік Құдс күнгі шерулерге жаппай қатысуына алғыс айтып: "Алланың көмегімен Палестина жерінің өз иелерінің құшағына оралатындығына сенемін",- деді.
Иран Президенті Хасан Руханидің Иран халқына арнаған жолдауында: "Ораза айт – адамның өз нәпсісін жеңген күн. Бұл ұлы күні иманыды Иран халқына басқа мұсылмандармен бірге құлшылық ету мен рухани тазарудың берекесі мен нығметтерін пайдалануға мүмкіндік берген Алла Тағалаға шүкіршілік білдіремін.
Қасиетті Рамазан айының қоғамдық, ахлақи және рухани әсерлерін жыл бойы сақтап, әртүрлі салаларда сабыр мен төзімділікті арттырып, исламдық отанның өз мақсаттарына жетіп, дамуы үшін жағдай жасалатындығына үміт білдірді.