Буруджерди: Еуропа елдерінің "Ортақ қадам" жайлы сөздері Иранның қиындықтарын шешпейді
(last modified Mon, 18 Jun 2018 08:43:05 GMT )
Маусым 18, 2018 14:43 Asia/Almaty
  • Буруджерди: Еуропа елдерінің

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы: "Еуропа елдері басшыларының "Ортақ қадам" жайлы айтқан қолдау сөздері Иранның қиындықтарын шешпейді. Олар АҚШ-қа қарсы тұрып, өз міндеттемелерін жүзеге асыратындықтарын іс жүзінде көрсетуі тиіс",- деп баса айтты.

Алаэддин Буруджерди жексенбі күні Al Alam арнасына берген сұхбатында: "Иран еуропалықтардың АҚШ-тың "Ортақ қадамға" қатысты қысымдарымен күресіп, өз міндеттемелеріне берік екендігін көрсетуді күтіп отыр",- деді.

Иран Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комиссиясының төрағасы Иранның "Ортақ қадамға" дейінгі жағдайға қайта оралуына әзірлігін еске салып: "Иранның Атом қуаты ұйымы іс жүзіндегі қадамдарды жасау үшін қажет дайындық шараларын әзірлеп қойды",- деді.

Буруджерди АҚШ-тың ИИР-ның аймақтағы қуатын түсінгенін баяндап: "Аймақтық қуат америкалықтар назар аудармайтын тақырып емес. Сондықтан Иранның аймақтағы ықпалының бәсеңдеп, оның зымырандық әлеуеттен артқа шегінуі Иранның "қызыл сызығы" болса, АҚШ-тың армандарының бірі саналады",- деді.