Иордан өзенінің батыс жағалауында бір палестиналық жеткіншек шәһид болды
https://itolqyn.com/news/iran-i388
Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Халил қаласында 17 жастағы бір палестиналық жеткіншек сионистік режим әскерилерінің атқан оғынан шәһид болды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 06, 2016 16:50 Asia/Almaty
  • Иордан өзенінің батыс жағалауында бір палестиналық жеткіншек шәһид болды

Иордан өзенінің батыс жағалауындағы әл-Халил қаласында 17 жастағы бір палестиналық жеткіншек сионистік режим әскерилерінің атқан оғынан шәһид болды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режим әскерилері, сондай-ақ, тағы бір палестиналық жеткіншекті қамауға алған.

Келесі бір хабар бойынша, мыңдаған палестиналық жұма күні қауіпсіздік шараларының күшейтілгеніне қарамастан Джанин қаласының оңтүстігіндегі Қабатие қалашығында 3 шәһидтің жаназасын шығаруға қатысқан.

Жұма күні түнде Джанин қаласының оңтүстігіндегі Қабатие қалашығында қарсыласу қозғалысына қарасты 3 шәһидтің жаназасы шығарылғаннан кейін палестиналық күрескерлер мен сионистік режим әскерилерінің арасында қатты қақтығыстар болды.

Сионистік режим Қабатие қалашығын толығымен қоршауға алды.