Рухани: Еуропа АҚШ-тың біржақтылығына қарсы Иранмен ынтымақтастық жасауы керек
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Хасан Рухани бейсенбі күні Financial Times газетінде жарияланған пікірінде "АҚШ үкіметі халықаралық тұрақтылықты қатерге тіреп отыр" деп, Еуропадан Вашингтонның біржақты әрекеттеріне қарсы Иранмен ынтымақтастық жасауды сұрады.
Руани АҚШ Президенті Дональд Трамптың сауда мәселесі, халықаралық, тіпті одақтастарымен жасаған келісімдерге қатысты ұстанымының әлемдік жүйеге шынайы дағдарыс тудырғанын қуаттап: "АҚШ-тың қазіргі үкіметінің біржақты саясаты, кемсітушілігі, мұсылмандарға қарсылығы мен маңызды халықаралық келісімдерді әлсіретуі, соның ішінде климаттық өзгерістерге қатысты келісімнен шығуы жан-жақты ұстаным мен Еуропа көздеп отырған саяси-қоғамдық басқа пікірлерге қайшы",- деді.
Рухани АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарын бұзу деп атап: "Вашингтон бұл келісімнен шыққан соң Иран мен басқа елдерге біржақты әрі трансаймақтық санкциялар салды. Тек Иран халқының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жетістіктерін пайдалануының арқасында бұл тарихи келісім жалғасын табады",- деді.