Ғасеми: Иран аймақ елдерімен қарым-қатынасты арттыруға ынталы
(last modified Sat, 05 Jan 2019 15:32:14 GMT )
Қаң 05, 2019 21:32 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иран аймақ елдерімен қарым-қатынасты арттыруға ынталы

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы ИИР-ның көршілес елдермен қоса, аймақтың барлық елімен интеграция жасап, қарым-қатынасты арттырып, қайшылықтарды азайту мақсатында әріптестік жасайтынын мәлімдеді.

Бахрам Ғасеми Иран Сыртқы істер министрінің жақында аймақ елдеріне сапармен баратынына тоқталып: "Иранның көршілес және аймақ елдеріне деген көзқарасы оң. Олармен тату тіршілік етіп, аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға талпыныс жасап жатыр.

Иран соңғы жылдары көршілес елдермен қарым-қатынас жасауды үздіксіз көздеп келеді. Көршілес елдермен тығыз байланыста болу – ИИР-ның тұрақты саясаты",-деді.

Иран дипломатиялық аппаратының ақпарат хатшысы елдің аймақтық мәселелер саласындағы тарихының жарқын екенін, Иранның Ирак, Сирия, тіпті Йемен сияқты елдерге тұрақтылық, қауіпсіздік пен тыныштықты қайтару үшін көп талпыныс жасағанын айтты.    

 

 

      

Тегтер