Рухани: Иран халқы Ислам революциясының қырық жылдығын көшеге шығып тойлайды
«Иран халқы Ислам революциясының қырық жылдығын тойламайды» деп жариялаған АҚШ басшыларына берген жауапта «Иран халқы өз революциясының жылдығын биыл да көшелерге шығып тойлайды»,- деп баса айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани елдің солтүстігіндегі Гүлстан облысының сүннит және шиіт ғұламалары мен діни қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзінде: «Ислам революциясының жеңіске жеткен күнінен бері дұшпандар әртүрлі қастандықтарымен Ислам революциясына соққы бергісі келді. Бірақ, Иран халқы қырағылығымен олардың барлық жобаларын залалсыздандырды»,- деді.
ИИР Президенті жеңіс пен жетістіктердің Исламның ұлық пайғамбарының жолынан үлгі алудын нәтижелері екенін қуаттап, Иран халқының әрқашан табандылығы мен қарсыласуының арқасында дұшпандарды сәтсіздікке ұшыратқанын қуаттады.