Рухани: Иран санкциядан қорықпайды
https://itolqyn.com/news/iran-i40871
ИИР президенті Иранның санкциядан қорықпайтынын, әрі өз мақсаттарынан кері шегінбейтінін айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 15, 2019 18:21 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран санкциядан қорықпайды

ИИР президенті Иранның санкциядан қорықпайтынын, әрі өз мақсаттарынан кері шегінбейтінін айтты.

Хасан Рухани сейсенбі күні Иранның Голестан облысы әкімшілік кеңесінің отырысында Иранның экономикалық соғысқа тап болғанын, сол соғыстағы Иранның қарсыластарын АҚШ, сионистік режим мен Парсы шығанағы жағалауындағы бірнеше мемлекет деп атады.

Рухани АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық соғыс бастаудағы мақсаттарының қатарында Иранның аймақтағы ықпалын әлсіретуді, зымырандық және ядролық салалардағы жетістіктерімен күресіп, дамуы мен ілгерілеуіне бөгет жасап, халық пен жауапты тұлғалар арасында алшақтық тудыруды атап, ислам республикасының бұл соғыстан абыроймен өтетінін қуаттады.

Рухани АҚШ пен оның одақтастарының Батыс Азия аймағындағы жеңілісіне сілтеме жасап: "Өткен бірнеше жылда кейбір аймақ елдері АҚШ-тан құны 100 миллиард доллардан астатын қару-жарақ сатып алды. Бірақ, соған қарамастан олар өздерінің Йеменде жеңіліске ұшырағанын мәлімдеп отыр",- деді.