Рухани: Қате есептеу – АҚШ-тың Иран халқы алдындағы жеңілістерінің басты себебі
(last modified Thu, 07 Feb 2019 08:44:33 GMT )
Ақп 07, 2019 14:44 Asia/Almaty
  • Рухани: Қате есептеу – АҚШ-тың Иран халқы алдындағы жеңілістерінің басты себебі

ИИР Президенті Хасан Рухани қате есептеулердің АҚШ-тың Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі Иран халқынан үсті-үстіне жеңілуінің себебі деп атады.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығына орай Теһрандағы шетелдік елшілер, ұйымдар мен өкілдіктердің басшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде: "Америкалықтар төңкеріс, таңылған соғыс, аймақтың реакцияшыл елдеріне көмектесу және әртүрлі елдерге қару-жарақ жіберу арқылы Иран халқын жеңеміз деп ойлады, алайда барлық кезеңде Иран халқы жайлы есептеулері қате болып шықты",-деді.

 

Рухани ИИР-ның ұранын "Жаппай қырып-жоятын және ядролық қарулардан ада Таяу Шығыс; қатігездік пен экстремизмнен ада әлем" деп атап: "Егер АҚШ өзінің қате жолынан қайтып, өткен араласушылық әрекеттері үшін кешірім сұраса, Иран АҚШ-тың тәубесін қабылдауға әзір",-деді.