АҚШ-тың Иранмен ынтымақтастық жасайтын банктер мен компанияларға қысымы –лаңкестік әрекет
https://itolqyn.com/news/iran-i41315-АҚШ_тың_Иранмен_ынтымақтастық_жасайтын_банктер_мен_компанияларға_қысымы_лаңкестік_әрекет
ИИР Президенті Рухани АҚШ-тың Иранмен ынтымақтастық жасайтын банктер мен компанияларға қысым жасауын лаңкестік әрекет деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 20, 2019 18:42 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранмен ынтымақтастық жасайтын банктер мен компанияларға қысымы –лаңкестік әрекет

ИИР Президенті Рухани АҚШ-тың Иранмен ынтымақтастық жасайтын банктер мен компанияларға қысым жасауын лаңкестік әрекет деп атады.

Хасан Рухани сәрсенбі күнгі Үкімет отырысында АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттеріндегі сәтсіздіктеріне тоқталып: "АҚШ халықаралық заңдарға қайшы бір елмен ынтымақтастық ететін банктер мен компанияларға айыппұл салу туралы қоқан-лоққы жасаған жағдайда экономикалық лаңкестікке барып отыр",- деді. Рухани Иран халқының еш уақытта зорлық-зомбылыққа бағынбайтынын қуаттап: "Еуропалықтар берген уәделері бойынша өз міндеттемелеріне сай әрекет етуі керек, өйткені бұл іс аймақ пен әлемнің мүддесі үшін пайдалы",- деді.