Иран өз-өзін қамтамасыз ету жолында үстемшіл және алпауыт елдермен күреседі
ИИР Президенті Рухани елдің өз-өзін қамтамасыз етуге талпынуын үстемшіл және алпауыт елдермен күрестегі сындарлы қадам деп атап, Иранға қарсы санкциялардың мақсатын технологиялық дамуды бәсеңдету деп атады.
Иран Президенті Хасан Рухани сенбі күні Теһранда елдің инновация және іргелі ғылымға негізделген компаниялары басшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде Иранның іргелі ғылымға негізделген компанияларының санкцияларды технологиялық дамуға берілген мүмкіндік ретінде пайдалануы керектігін баса айтып: «Ғылым мен технологияның дамуы шексіз. АҚШ сияқты барлық нәрсеге дуал салатын елдер табысқа жетпейді»,-деді.
Иранның атқарушы органының басшысы алпауыт елдердің Иранды дәрі-дәрмек саласында қысымға алуды көздеп отырғанын айтып, Ислам революциясының бесінші онжылдығының басында Иранның ғылым мен технологиялық даму тұрғысынан әлем мен аймақта үздік ел болатынына үміт білдірді.
.