Рухани: Теһран-Дамаск қарым-қатынасы бауырластық пен бірлікке сүйенеді
https://itolqyn.com/news/iran-i41374
Иран Президенті Ислам республикасының бұрынғыдай Сирия халқы мен үкіметінің қасында болатынын, Теһран-Дамаск қарым-қатынастарының бауырластық пен бірлікке сүйенетінін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 26, 2019 14:56 Asia/Almaty

Иран Президенті Ислам республикасының бұрынғыдай Сирия халқы мен үкіметінің қасында болатынын, Теһран-Дамаск қарым-қатынастарының бауырластық пен бірлікке сүйенетінін қуаттады.

ИИР Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда Сирия Президенті Башар Асадпен кездесуінде Сирия халқы, үкіметі мен Армиясының лаңкестерге қарсы жеңістерін маңызды деп бағалап: «Иран лаңкестікпен күрес жолында әрқашан Сирияның қасында болып, еш көмектен аянып қалған жоқ»,- деді. Иран Президенті Сирия аймақтарының көбінде қауіпсіздік жағдайының жақсаруына ризалық білдіріп: «Сочи қаласындағы Иран, Ресей және Түркия президенттерінің жуырдағы саммитінде Сирияның территориялық тұтастығын қорғау қажеттігі қуатталып, шетелдік, әсіресе америкалық күштердің Сирия үкіметінің рұқсатынсыз бұл елде қалуы айыпталды»,- деді.

Сирия Президенті Башар Асад та Сирия үкіметі мен халқының атынан діни жетекші мен  Иран үкіметі және халқының Сирия мен аймақтағы лаңкестерге қарсы  күрес  пен қауіпсіздікті қорғау жолындағы қолдауларына алғыс айтып, Теһранға алғыс айту үшін келгенін мәлімдеді.