Рухани: Иран халқының ерік-жігерімен санкциялардан өтеді
https://itolqyn.com/news/iran-i41382-Рухани_Иран_халқының_ерік_жігерімен_санкциялардан_өтеді
ИИР Президенті Рухани «Иран халқы барлық қиындықты жеңетін күш-қуатқа ие, сондықтан халықтың ерік-жігерімен санкциялардан өтеді» деп баса айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 27, 2019 14:07 Asia/Almaty

ИИР Президенті Рухани «Иран халқы барлық қиындықты жеңетін күш-қуатқа ие, сондықтан халықтың ерік-жігерімен санкциялардан өтеді» деп баса айтты.

Хасан Рухани кеше, сейсенбі күні Орталық банктің жылдық жиналысында АҚШ-тың барлық күшін Иранның банктік жүйесіне, мұнай саудасы мен басқа да экономикалық салаларға санкциялар салуға жұмылдырып отырғанына тоқталып, Иран Сыртқы істер министрлігін, Мұнай министрлігі мен Орталық банкін АҚШ-тың экономикалық қысымдарымен қарсыласу ағымының алғашқы шебінде деп атады.

Өткен 11 айдағы Иранның сауда балансы оң болды. Ислам республикасы бұл кезеңде мұнайдан басқа тауарлар саласында 40 миллиард долларға тауар экспорттаса, 37 жарым миллиард долларға импорттады»,- деді.