Рухани: Иран халқы ғиззат пен абырой жолын жалғастырады
ИИР Президенті дұшпанның Иран халқы қарсыласуының алдында сәтсіздікке ұшырағанына тоқталып, халқының ғиззат пен абырой жолын жалғастыратынын қуаттады.
ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні елдің солтүстігіндегі Лаһиджан халқының алдында сөйлеген сөзінде Иран халқының тарихи сынақтарда үлкен жеңістерге жеткенін, дұшпанның санкцияларына қарсы тұрып, оларды сәтсіздікке ұшыратқанын баса айтты.
Рухани дұшпанның Иран халқына қарсы сұм мақсаттарының еш уақытта нәтижеге жетпейтінін қуаттап: "Дұшпан Иранға қарсы санкция салып, әлемді өзіне қаратқысы келгенімен нәтижеге жеткен жоқ",- деді.
ИИР Президенті Варшава отырысының өткеніне тоқталып: "Дұшпан отырыста сәтсіздікке ұшырады. Өйткені, АҚШ-тың одақтастары басқосуда оның жобасы мен қастығына қарсы шықты",- деді.
Рухани Иранның экономикалық және психологиялық соғыспен бетпе-бет келіп отырғанына сілтеме жасап, Иран халқы мен үкіметінің табандылықпен дұшпанды жеңетінін қуаттады.
Руханидің сөзі: "Варшава отырысында АҚШ әлемді Иранға қарсы қойғысы келгенімен, нәтижеге жетпеді. Тіпті, АҚШ-тың одақтастары да басқосуда оның жобасы мен қастандығына қарсы шықты. Сөйтіп, дұшпан мақсатына жеткен жоқ».