Көршілес елдермен темір жол қатынасының дамуы – Иранға санкция салу саясаты жеңілісінің белгісі
ИИР Президенті Рухани көршілес елдермен темір жол қатынасының дамуын Иранға санкция салу саясатының жеңіліс тапқанының белгісі деп атады.
Хасан Рухани сәрсенбі күні Қазвин-Рәшт темір жол желісін ашу рәсімінде бұл желіні қолданып, оны Астара темір жолына қосудың Парсы шығанағын елдің солтүстік өңірі, Кавказ, Ресей, Еуропаның шығысы және солтүстігімен байланыстыра алатынын айтып: «Бұл темір жол – солтүстікпен оңтүстікті және батысты жалғайтын желі. Оның аймақ елдері арасындағы тасымал саласында әлеуеті зор»,-деді.
Рухани темір жол қатынасының аймақ елдері арасындағы байланыстарды нығайта түсетінін айтып, Иран темір жолын Пәкістан, Ауғанстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Түркия мен Иракқа қосуды Теһран үшін аса маңызды деп атады.