Руханидің бұйрығымен Гилянда 60 экономикалық жобаның ашылу салтанаты өтті
ИИР Президентінің қатысуымен және бейне-конференция түрінде Гилян облысы деңгейінде 60 экономикалық және инфрақұрылымдық жоба іске қосылды.
Хасан Рухани сәрсенбі күні Гилян облысында өткен «Даму және таңдаулылар» атты жиналыста ауыл шаруашылығы, жол және қала құрылысы, өнеркәсіп, кен және сауда, байланыс және технология, туризм, энергетика, денсаулық сақтау және емдеу, мәдениет және спорт салаларында 51 экономикалық және инфрақұрылымдық жобаны іске қосуға, 9 жобаны бастауға бұйрық берді.
Авиациялық жедел жәрдем орталығының бірінші кезеңін орындау, көмектесу және құтқару базасы, 4 жұлдызды қонақ үй, 3 жергілікті туризм кешені, Каспиан айлағында бір кемежай, 4 май сақтау аппараты, дәнді дақылдар сақтау қоймасы мен Лаhиджанда 222 адамдық аурухана салу және коммуникациялық жобаларды орындау Руханидің бұйрығымен іске қосылған немесе басталған жобалардың қатарына жатады.