Әлем елдерінің көбі АҚШ-ның санкцияларына қарсы
ИИР Президенті Рухани: «Бүгінде аймақтағы кейбір кертартпа елдер мен сионистік режимнен басқа ешбір мемлекет АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын қолдамайды. Вашингтонның батыс одақтастары да санкциялардың басынан дұрыс болмағанына сенімді»,-деді.
Хасан Рухани бейсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Гилян облысының әкімшілік кеңесінің жиналысында Иранға өткен 40 жылда әрдайым санкция салынғанын айтып: «Еуропа, Азия, Африка, Латын Америкасы, тіпті Солтүстік Америка мен АҚШ-тың өзінде Трамптың Иранға қарсы шараларына қарсылық білдірілді»,-деді.
Рухани Иран, Ресей мен Түркияның Сирия мәселесін шешу үшін «Астана үдерісі» деп аталатын үшжақты отырыстар өткізгеніне тоқталып, Иранды аймақтың, әсіресе Сирияның қауіпсіздігін сақтауда басты өзектердің бірі деп атады.