Қаз 14, 2019 14:21 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Йемен соғысының дұрыс аяқталуы аймаққа жағымды әсер етеді

Ислам революциясының жетекшісі Хаменеи ИИР-ның бұрыннан Йемен соғысын тоқтатуға байланысты төрт баптан тұратын жоба ұсынғанына тоқталып: «Йемен соғысы дұрыс аяқталса, аймаққа жағымды әсер етеді»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аятолла Хаменеи кеше жексенбі күні Пәкістан Премьер-министрі Имран Хан және оның делегациясымен кездесуінде Пәкістан үкіметінің бейбітшілік пен қауіпсіздік  орнатуға үшін талпыныс жасауына ризалығын білдіріп, Батыс Азия аймағын өте маңызды деп атап, баршаның абай болу қажеттігін қуаттап, аймақтың кейбір елдерінің Ирак пен Сириядағы лаңкестік топтарды қолдауы мен Йемендегі соғыс пен қантөгіске өкініш білдірді.

Аятолла Хаменеи: «Біз  бұл елдермен дұшпан емеспіз. Бірақ олар АҚШ-тың айтқанына бағынып, ИИР-на қарсы әрекет жасап жатыр»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі ИИР-ның ешқашан бірінші болып соғыс бастамағанын қуаттап: «Бірақ егер кімде-кім Иранға қарсы соғыс бастаса, өкінетін болады»,- деп ескертті.

Имран Хан да бұл кездесуде Иран мен Пәкістанды екі бауырлас мемлекет деп атап: «Теһран мен Исламабадтың ынтымақтастығы артуы керек. Біз Иранмен қарым-қатынасымызды кеңейтуге ерекше мән береміз. Өйткені Иранды сауда саласындағы маңызды серіктес санаймыз»,- деді.

 

 

Тегтер