Шамхани: Ирандық танкерге шабуыл жасағандарға өкіндірерлік жауап береміз
Иранның ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани аймақта бейберекеттіктің жаңа толқынын қалыптастыруды көздеп, Қызыл теңізде ирандық танкерге шабуыл жасағандарға өкіндірерлік жауап берілетінін баса айтты.
IRNA агенттігінің хабарлауы бойынша Әли Шамхани сәрсенбі күні Ресей Президентінің Сирия істері бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьевпен кездесуде Американың ДАИШ тобын қайта жандандырып, Азияның батысында бейберекеттікті арттыру үшін құпия жобасы бар екенін, аймақ елдерінің тұрақсыздық пен қауіп-қатерге себеп болатын әрекеттермен күресу үшін қырағылық пен үйлесімділік танытуы қажеттігін баса айтты.
Шамхани Түркияның Сирияға жасаған әскери басқыншылық әрекетіне қарсылық білдіріп: "Аймақта бейберекеттікті күшейтіп, дағдарысты арттыруға себеп болатын кез келген әрекет жылдам тоқтатылуы керек", - деді.
Ресей Президентінің Сирия істері бойынша арнайы өкілі Александр Лавреньтев те кездесуде Сирияның солтүстігіндегі саяси, әскери ахуал жайлы баяндап, Теһран мен Мәскеу серіктестіктерінің жалғасуы аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне кепіл болатынын айтты.