Мумени: Иран есірткімен күресті бар күшімен жалғастырады
(last modified Wed, 06 Nov 2019 09:21:14 GMT )
Қар 06, 2019 15:21 Asia/Almaty
  • Мумени: Иран есірткімен күресті бар күшімен жалғастырады

Иранның есірткімен күрес штабының Бас хатшысы: «Ислам республикасы өткен 40 жылда Ауғанстан және есірткі транзиті жолымен шекаралас болуына ерекше назар аударып, есірткіге қарсы жан-жақты күрес жүргізді»,- деді.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Искандер Мумени Теһрандағы Қытай елшісі Chang Huа кездесуінде Иранның өткен жылы көбі Батыс елдеріне тасымалданбақ болған 800 тонна есірткіні тауып, көзін жойғанына тоқталып: «Ауғанстандағы есірткі және лаңкестікпен күресті сылтауратып, бұл елде трансаймақтық күштердің орналасуы мүлде пайдасыз болды. БҰҰ-ның мәліметінше, 2001 жылы 200 тонна есірткі өндірілген болса, 20 жылдан аз уақытта және трансаймақтық күштер орналасқан жағдайда бұл мөлшер 9000 тоннадан асты»,- деп қуаттады. Теһрандағы Қытай елшісі Chang Huа де: «Иран есірткіге қарсы әлемдік күресте маңызды рөл атқарды. Қытай бұл салада Иранмен ынтымақтастығын жалғастырады»,- деді.