Аһл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясының Бас хатшысы: Шейх Закзаки ислам әлемін біріктіргісі келеді
Аһл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясының Бас хатшысы шейх Закзакидің ислам әлемін біріктіргісі келетінін қуаттады.
Аһл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясының Бас хатшысы Реза Рамазани сейсенбі күні Зария апатының төртінші жылдығына арналған баспасөз отырыста: "Шейх Закзаки ислам мазхабтары арасындағы қайшылықтарға қарсы. Келісімге келу үшін келіссөздер қажет санайды",- деді. Ол Нигерия исламдық қозғалысы басшысының ғылыми деңгейіне тоқталып: "Шейх Закзаки Нигерия заңдарын бұзған жоқ. Оның қарамағында жұмыс істейтін ұйым жетімдер мен кедейлерге көмектесу мақсатында құрылған",- деді.
Шейх Закзаки мен әйелі 2015 жылдың 13 желтоқсанында Нигерия әскерилерінің Зария қаласындағы хосейниеге шабуылы кезінде тұтқындалды. Бұл шабуылда жүздеген адам, соның ішінде шейх Закзакидің үш перзенті шәһид болды.