Иранның кек алуды көздеген ең осал жобасы АҚШ үшін тарихи қорқынышты түс болады
(last modified Tue, 07 Jan 2020 13:29:02 GMT )
Қаң 07, 2020 19:29 Asia/Almaty
  • Иранның кек алуды көздеген ең осал жобасы АҚШ үшін тарихи қорқынышты түс болады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Ғасем Солейманиді шәһид еткендерден Иранның кек алу саласындағы ең осал жобасының АҚШ үшін тарихи қорқынышты түс болатынын қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Әли Шамхани бүгін, сейсенбі күні ИИР-ның  сардар Солеймани және онымен бірге шәһид болғандар үшін кек алу бойынша ықтималды реакциялары жөнінде: «Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінде кек алудың 13 жобасы қарастырылып жатыр. Кейбір мәселелерге байланысты ақпарат құралдарына бұдан артық мәлімет берілмейді. Иран шекараларына жақынырақ орналасқан АҚШ-тың 19 базасы дайын күйге келтірілді. Теһран олардың әрқайсында қанша адам және қандай әскери жабдықтар бар екені туралы нақты мәліметке ие, сондай-ақ олардың әрбір өзгерісін бақылауда ұстап отыр. Америкалықтар Ислам республикасының реакциясынан зардап шегетінін біледі. Соңғы майдандық мәліметтер бойынша, олардың патруль кемелерінің саны азайып, әскерилерінің көбі базаларда шоғырланды",- деді.

 

 

Тегтер