Шамхани: Дұшпандар Иран халқына қарсы психологиялық соғысында сәтсіздікке ұшырайды
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы негізсіз қоқан-лоққыларды үлкейтіп көрсетуді дұшпанның Иран халқына қарсы психологиялық соғысының құралы деп тауып: «Еврей-араб-батыс үштіктің бұрынғыдай жеңілетіні анық»,- деп қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Әли Шамхани Теһранда АҚШ-тың Иранға қарсы көптеген қастықтарына тоқталып: «АҚШ-тың Иранды бағындыру мақсатты көздейтін гибридтік соғысы бұл елдің халқының білімі, жауапкершілігі, қырағылығы, дайындығы және бірлігінің арқасында сәтсіздікке ұшырайды»,- деді. Шамхани Ирактың бұрынғы диктаторы Саддам мен одақтастарының Иранның қарулы күштерінің дайындығы жоқ деп ойлап, Ислам республикасына қарсы соғысты бастағандарын еске салып: «Иран халқының бірлігі мен қарулы күштерінің дайындығы қиялдың соңы сәтсіздік пен өлім екенін дәлелдеді»,- деп қосты.