Бақаи Хамане: АҚШ-тың ирандықтарға деген жанашырлығы – екіжүзділік
БҰҰ мен Женевада орналасқан халықаралық ұйымдар кеңсесіндегі ИИР-ның тұрақты өкілі қазіргі жағдайда АҚШ-тың адамзатқа қарсы санкцияларының күшеюіне тоқталып, АҚШ-тың Иран халқының адам құқығы жөніндегі жанашырық уәждерін екіжүзділік деп сипаттады.
Исмаил Бақаи Хамане дүйсенбі күні БҰҰ Адам құқығы кеңесінің 43-ші сессиясында кейбір мемлекеттердің Ирандағы адам құқығы мәселесіне қарсы саяси ұстанымдарын жалғастыруларын сынап, адам құқығы мәселесін елдерге саяси қысым көрсету үшін пайдалануды Адам құқығы кеңесінің құқығын бұзу деп тауып, Иранға қарсы қарар бекітушілерден бұл қисынсыз ұстанымын тоқтатуды талап етті. Бақаи Хамане Ислам революциясы Саықшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы сардар Солейманиді террор етуді бүкіл халықаралық негіздер мен заңдарды әшкере бұзу деп біліп, шәһид Солейманиді адам құқығы мен адамгершіліктің қорғаушысы деп атап: «Шәһид Солейманидің талпыныстары миллиондаған адамдарды ДАИШ пен терроризмнен құтқарды»,- деп қуаттады.