Тахтраванчи: АҚШ санкциялары Иран халқының коронавирусқа қарсы тұруына кедергі тудыруда
БҰҰ-дағы ИИР тұрақты өкілі Twitter-дегі парақшасында АҚШ санкцияларының Теһранның коронавирусқа қарсы талпыныстарына кедергі болуына тоқталып, халықаралық дағдарыстардың шынай халықаралық талпыныстарды қажет ететінін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Маджид Тахтраванчи: «Иран халқы мен үкіметі коронавируспен шынайы күресуде. Бірақ АҚШ санкциялары бұл талпыныстарға қиындықтар тудыруда»,- деп жазды. Тахтраванчи АҚШ үкіметінен гуманитарлық көмектерді саясиландырмауды және сранкцияларының күшін жоюды талап етті.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф те БҰҰ Бас хатшысы Гутерришке жазған және көшірмелерін халықаралық ұйымдар басшылары мен бүкіл мемлекеттердің Сыртқы істер министрлеріне жіберген хатында коронавирусқа қарсы тұру АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларының күшін жою қажеттілікті қуаттады.