Сәу 27, 2020 10:23 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранның несие алу өтінішіне қарсылығы «Денсаулық – басты байлық» деген қағиданы бұзады

Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани АҚШ-тың Иранның Халықаралық валюта қорынан несие сұрауына қарсылығының «Денсаулық – басты байлық» деген қағиданы бұзатынын мәлімдеді.

Али Шамхани сенбі күні Twitter-дегі парақшасында Еуропа елдерінің Иранның Халықаралық валюта қорынан несие алу өтінішіне АҚШ-тың қарсы шығуына өкініш білдірумен шектелгеніне тоқталып: «Заң бұзушы мемлекетпен әріптестікті тоқтату және заңсыз жағдайды жоюға шара қолдану – үшінші елдердің мұндай әрекеттерге қатысты орындауы тиіс екі міндеттемесі»,- деп қуаттады.

Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиеваның айтуынша, бұл қор коронавируспен күресіп жатқан елдерге шұғыл көмек ретінде 50 миллиард доллар бөледі.

 

Тегтер