Зариф Рамадан Абдулланың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
(last modified Sun, 07 Jun 2020 12:17:54 GMT )
Маусым 07, 2020 18:17 Asia/Almaty
  • Зариф Рамадан Абдулланың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Иран Сыртқы істер министрі Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысының қайтыс болуына орай көңіл айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Рамадан Абдулла Шалахтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтып: «Бұл кісі сионистік режиммен күрес және джиһад саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп,  ұлттық күрескер, тақуа тұлға, оптимист ойшыл болды. Ол аймақ пен әлемдегі өзгеріс үдерісін терең түсініп, әрбір адам, палестиналық топтар мен ислам әлемінде бірлікті нығайтуға ерекше күш салды. Ол Палестинаның зорлық-зомбылыққа ұшыраған халқының қолдаушысы ретіндегі ИИР-ның дамуы мен жоғарылауына әрдайым қызығушылық пен мүдделік танытты»,-деді.