Иранда терроризмнің құрбаны болған 17 мың шәһидтің құжаты БҰҰ-на жіберілді
https://itolqyn.com/news/iran-i47192
«Хабилиан» қоғамының бас хатшысы Иранда терроризмнің құрбаны болған 17 мың шәһид құжатының БҰҰ-на жіберілгенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 17, 2020 17:52 Asia/Almaty
  • Иранда терроризмнің құрбаны болған 17 мың шәһидтің құжаты БҰҰ-на жіберілді

«Хабилиан» қоғамының бас хатшысы Иранда терроризмнің құрбаны болған 17 мың шәһид құжатының БҰҰ-на жіберілгенін хабарлады.

Сейіт Мұхаммад Джавад Хашеминежад сейсенбі күні Батыстың кейбір елдері мен АҚШ-тың терроризмге тікелей қолдау көрсетіп отырғанына тоқталып: «ИИР – лаңкестіктің құрбаны. Алайда дұшпандар шындыққа керісінше Иранды лаңкестікті қолдайды деп көрсетуге талпынып жатыр»,-деді.  

Хашеминежад «Хабилиан» қоғамының Иранда лаңкестік қылмыстарды тексеріп, құжаттар жинаумен айналысатынын айтып: «Осы уақытқа дейін Иранда терроризм құрбаны болған 17 мың шәһидтің құжаты  жинақталып, БҰҰ-на тапсырылды»,-деді.

«Хабилиан» қоғамының бас хатшысы АҚШ-тың лаңкестік қылмыстары туралы құжаттарды ИИР-ның әлемге ұсынып отырған маңызды деректерінің бірі деп атап, онда Вашингтонның адам құқығын бұзу фактілері көрсетілгенін айтты.