Амир Абдуллахиан: Ислам революциясы жетекшісінің көрегендігінің арқасында Иран-Қытай ынтымақтастық құжатына қол қойылды
https://itolqyn.com/news/iran-i51420
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі: «Ислам революциясы жетекшісінің көрегендігінің арқасында Иран-Қытай ынтымақтастық құжатына қол қойылды»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 28, 2021 14:40 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Ислам революциясы жетекшісінің көрегендігінің арқасында Иран-Қытай ынтымақтастық құжатына қол қойылды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі: «Ислам революциясы жетекшісінің көрегендігінің арқасында Иран-Қытай ынтымақтастық құжатына қол қойылды»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хусейн Амир Абдуллахиан Твиттердегі жеке парақшасында: «Ислам революциясы жетекшісінің қырағылығы мен көрегендігінің арқасында екі елдің жоғары басшыларының ерік-жігері мен Теһран-Бейжің стратегиялық қарым-қатынасы аясында екі елдің Сыртқы істер министрлері Иран мен Қытайдың 25 жылдық жан-жақты ынтымақтастық құжатына қол қойды»,-деп жазды.

Амир Абдуллахиан: «Осы көпқырлы маңызды құжат Иран мен Қытайдың дипломатиялық қарым-қатынасына 50 жыл толғанда қабылданып отыр»,-деді.