Maм 25, 2021 18:39 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлауға қатысатын үміткерлердің есімдері жарияланды

Иранның сайлау штабы президенттікке үміткерлердің есімдерін жариялады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше,  елдің сайлау штабы сейсенбідегі №15 хабарламасында біліктілігі Сақшылар кеңесінде мақұлданданған ИИР-ның 13-ші президенттік сайлауына үміткердердің есімдерін жариялады. Бұл хабарламада: «Президенттік сайлау туралы заңның 60-бабына сәйкес, біліктілігі Сақшылар кеңесінде мақұлданған ИИР-ның 13-ші президенттік сайлауына үміткерлердің аты-жөндері алфавиттік тәртіпте жарияланды»,- деп айтылды.

ИИР-ның 13-ші президенттік сайлауына үміткерлер ретінде Саид Джалили, Мохсен Резаи Мир Қаед, Сейед Ибрахим Раиси, Алиреза Закани, Сейед Амир Хұсейн Қазизаде Хашеми, Мохсен Мехр Ализаде және Абдолнасер Хеммати ұсынылды.

 

Тегтер