Маусым 03, 2021 17:21 Asia/Almaty
  • Нахичеваньда Иранның президенттік сайлауына дайындық жасалды

Нахичевань автономды республикасында Иранның он үшінші президенттік сайлауын өткізуге барлық жағдай жасалды.

Иранның Нахичеваньдағы бас консулы Хұсейни: «Сайлау бағдарламалары консулдықтың әлеуметтік желілері және ұлттық ақпарат құралдары арқылы Нахичеваньда тұратын ирандықтар үшін ақпарат таратады»,-деді.

Иранның бас консулы: «Нахичевань үкіметінің үйлестіруімен сайлау өтетін жер белгіленді. Карантин талаптарын сақтай отырып, дауыс беру кеңістігін ұйымдастыруға талпыныс жасалады»,-деді.

Иранның 13-ші президенттік сайлауы 15 күннен кейін өтеді.

Тегтер