Маусым 07, 2021 16:22 Asia/Almaty
  • Ертең Иранда президенттікке үміткерлердің екінші теледебаты өтеді

Ертең, сейсені күні Иранның он үшінші президенттік сайлауына қатысатын үміткерлердің екінші теледебаты өтеді.

Ертең, сейсені Теһран уақыты бойынша сағат 17:00-де Иранның он үшінші президенттік сайлауына қатысатын үміткерлердің екінші үш сағаттық теледебаты өтеді. Олар саяси-әлеуметтік және мәдени тақырыптарды талқылап, пікір алмасатын болады.

Иранның он үшінші президенттік сайлауына қатысатын үміткерлердің экономикалық мәселелер туралы бірінші теледебаты өткен сенбіде өткізілген еді.

Үміткерлердің үшінші теледебаты сенбі күні, 12 маусымда өтеді.

Иранның он үшінші президенттік сайлауы 2021 жылы 18 маусымда өтеді.

Тегтер