Маусым 12, 2021 15:19 Asia/Almaty
  • Бүгін Иранда президенттікке үміткерлердің соңғы теледебаты өтеді

Иранда президенттікке үміткерлердің үшінші әрі соңғы теледебаты бүгін, сенбі күні Теһран уақыты бойынша сағат 17:00 «халықтың қиыншылдықтары» тақырыбымен өтеді.

Ирандағы 13-ші президенттік сайлауға үміткердердің бірінші теледебаты 5 маусымда «Экономика» және екінші теледебаты 8 маусымда «Мәдениет, әлеумет және саясат» тақырыбымен өтті. Әрқайсысы үш сағатқа созылды.

Бұл пікірталастарда Әлиреза Закани, Мохсен Резаи Мирқаед, Мохсен Мехрәлизаде, Сейед Ибрахим Раиси, Абдунасер Хеммати, Сейед Мир Хұсейн Қазизаде Хашеми және Саид Джалили өз көзқарастарын білдіреді.

Тегтер