Маусым 28, 2021 19:25 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі: «АҚХА-мен келісу-келіспеу және онымен ынтымақтастықты жалғастыру-жалғастырмау туралы шешім әлі қабылданған жоқ»,- деді.

 

IRNA-ның мәліметінше, Саид Хатибзаде дүйсенбі күні журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында Иранның АҚХА-мен келісімін ұзарту ықтималы туралы: «Енді екінші тараптардың саяси шешімдерін қабылдау кезегі келді», - деп қосты. Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі сондай-ақ АҚШ-тың ИИР-ның Телерадио бірлестігімен байланысты сайттарды бұғаттауы туралы: «Бұл АҚШ-тың Иран сияқты елдерден тәуелсіз дауыстарға деген үмітсіздігін және олардың сөз бостандығына деген екіжүзді стандарттары мен жалғандығын көрсетеді»,- деді.

 

Тегтер