Раиси: Палестина халқының құқықтарын әрдайым жан-тәнімізбен қорғайтын боламыз
Сейіт Ибраһим Раиси жұма күні кешке Палестина исламдық джиһад ұйымының бас хатшысы Зияд Нахаламен кездесуінде Палестинаның жапа шеккен халқын басқыншылық пен қырып-жоюдан қорғау қажеттігін айтты.
Президент кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, доктор Раиси Палестина исламдық джиһад ұйымын Палестина халқының құқықтарын қорғауда әсерлі әрекет етіп отырған ұйым деп атап: "Бүгінде Палестинаның тағдырын шешуге бағытталған амалдар мұджахедтер мен қарсыласу топтарының қолында. Бұл амал-әрекеттер қорытынды жеңіске жеткенге дейін жалғасады",-деді.
Иран президенті: "Иран Палестинаны қолдауда еш күмәнданбайды. Әрдайым осы езілген халықтың құқығын қорғайды",-деді.
Палестина исламдық джиһад ұйымының бас хатшысы Зияд Нахала осы кездесуде Палестина халқы мен мұджахедтер атынан аятолла Раисиді сайлауда жеңіске жетуімен құттықтап: "Иран билікті бейбіт жолмен тасымалдауда әлемдік үлгіге айналды. Бірнеше ай бұрын АҚШ-та билік ауысу барысындағы қақтығыстарға куә болдық",-деді.