Иран Президенті көршілес елдермен сауда-саттықты арттыру қажеттігін қуаттады
ИИР Президенті көршілес елдермен алыс-бе сауда-саттықты арттыру қажеттігін қуаттады.
Раиси Министрлер кабинетінің отырысында көршілес елдермен әрекеттестік деңгейін жоғарылатып, сауда-саттықты арттыруды он үшінші үкіметтің басты басымдықтарының бірі деп атады.
Иран Президенті: «Үкіметтің ең белсенді дипломатиясы көршілес елдерге бағытталуы тиіс. Көршілермен сауда-экономикалық әріптестікті арттыруға бар күшімізді салуымыз керек. Өйткені осындай қатынасты нығайтып, Иранның аймақтағы тауар айналымындағы үлесін арттыруға қолайлы жағдай туып отыр»,-деді.
Раиси жуырда Ауғанстанда болған оқиғаларға тоқталып, бұл елде соңғы 20 жылда болған жағдайды қазіргі заманда адам құқығын ашық түрде бұзудың айқын үлгісі деп сипаттады.