Раиси Ирак Премьер-министрін ресми түрде қарсы алды
Қыр 12, 2021 17:52 Asia/Almaty
Иран Президенті сейіт Ибраһим Раиси жексенбі күні Теһранда ресми түрде Ирак Премьер-министрі Мұстафа әл-Каземиді «Саммит» ғимаратында қарсы алды.
Ресми қарсы алу рәсімінде екі елдің әнұрандары шырқалғаннан кейін Раиси мен әл-Каземи құрметті қарауылдың өнерін тамашалады, содан соң екі елдің жоғары лауазымды делегациялары бір-біріне таныстырылды.
Ресми қарсы алу рәсімінен кейін бірден Иран Президенті мен Ирак Премьер-министрінің екіжақты келіссөзі басталды.
Тегтер