Раиси: Иран үшін аймақтық әріптестіктердің маңызы зор
ИИР Президенті: «Иран үшін аймақтық әріптестіктердің маңызы зор»,-деді.
Сейіт Ибраһим Раиси бүгін, бейсенбі күні Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының 21-ші саммитына қатысу үшін Тәжікстанға аттанар алдында: «Бұл сапар Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ресми шақыруымен жүзеге асқалы жатыр»,-деді.
Раиси: «Шанхай саммитіне қатысып, ИИР-ның көзқарасы мен ұстанымын білдірумен қоса, осы отырысқа қатысатын елдердің басшылары және жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесемін»,-деді.
Иран Президенті осы сапар барысында өзінің тәжік әріптесімен кездесіп, екіжақты келіссөз өткізетінін айтып: «Иран мен Тәжікстанның жақсы қарым-қатынасында жаңа тарау басталып, саяси-экономикалық және мәдени салалардағы әріптестік одан ары қарқындай түсуіне жағдай жасалады»,-деді.