Қыр 20, 2021 16:52 Asia/Almaty
  • Иран армиясы Əуе күштерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды

Бүкіл күштердің бас қолбасшысы хазірет аятолла Хаменеи бұйрық шығарып, бригада генералы ұшқыш Хамид Вахедиді Иран армиясы Əуе күштерінің жаңа қолбасшысы етіп тағайындады.

Аятолла Хаменеидің бұйрығында: "Иран армиясы бас қолбасшысының ұсынысымен сізді жауапты əрі лайықты деп тауып, əуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындаймын",-деді.

Бұл басшылықтан армияның күш-қуатын арттыру, кез келген сатыдағы əуе қоқан-лоққыларына қисынды жауап беру үшін жауынгерлік дайындықты арттыру, ислам жүйесіне сай əуе күштерін жасау үшін адами ресурсты дамыту, армияның түрлі мекемелері мен басқа министрліктер арасында ықпалды əріптестікті реттеу жəне нығайту күтіледі.

Тегтер