Нау 01, 2024 18:26 Asia/Almaty
  • Ресей Президенті Батыс елдері мен НАТО-ға мүше елдерді Украинаға әскер жіберу мүмкіндігі туралы ескертті

Ресей Президенті Батыс елдері мен НАТО-ға мүше елдерді Украинаға әскер жіберу мүмкіндігі туралы ескертіп: "Мұндай шешім қабылдаған елдерді қайғылы тағдыр күтіп тұр",- деді.

 

Владимир Путин жыл сайынғы сөзінде былай деп қосты: "Мұндай шешімнің салдары өте ауыр болады. Ресейде мұндай шешім қабылдаған елдердің тереңдігін нысанаға алатын қару бар. Русофобия батыстықтардың көзін соқыр етіп,  ақылдан айырды".

Сөзінің тағы бір бөлігінде Ресей Президенті Батыстың Мәскеуді әлсірете алмағанын, оның Ресейдің ішкі жікке бөлінуі мен ішкі алауыздық тудыруына қатысты есептеулері қате болып шыққанын айтты.

 

Тегтер