Қаз 24, 2021 20:00 Asia/Almaty

Бүгін, жексенбі х.қ.ж.с.б 1443 жыл 17 рабиулаууал, сəйкесінше 2021 жыл 24 қазан - Ислам пайғамбары хазірет Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) мен шиіттердің алтыншы имамы хазірет Джафар Садықтың (ғ.) туған күні.

Сүнниттер 12 рабиулаууалды, шиіттер осы айдың 17-ші жұлдызын Ислам пайғамбарының(с.ғ.с.) туған күні санайды.

Ислам əлемінде бірліктің жаршысы болған Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы имам Хомейни (р.) бұл мәселені ислами топтарды жақындастыру жəне біріктіру үшін пайдаланып, 12-17 рабиулаууал аралығын "Бірлік аптасы" деп атады.

Иран Телерадио бірлестігі əлемнің барша мұсылмандарын Ислам пайғамбары хазірет Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) мен шиіттердің алтыншы имамы хазірет Джафар Садықтың (ғ.) туған күнімен құттықтайды.

Тегтер