Харази: Талибан билігін қолдау шарты - инклюзивті үкімет құру және тәуелсіздік
(last modified Tue, 26 Oct 2021 12:18:40 GMT )
Қаз 26, 2021 18:18 Asia/Almaty
  • Харази: Талибан билігін қолдау шарты - инклюзивті үкімет құру және тәуелсіздік

Иранның Сыртқы байланыстар жөніндегі стратегиялық кеңесінің басшысы Талибан билігіне қолдау көрсетудін шарты инклюзивті үкімет құру және тәуелсіздік екенін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Сейед Камал Харази: «Егер Талибан өз билігі кезінде Ауғанстандағы әртүрлі этникалық топтар мен азсанды топтардың құқықтарына кепілдік беретін, елдің тәуелсіздігін сақтайтын және шетелдік державалардың кіруіне   жол бермейтін  инклюзивті үкімет құратынын көрсетсе, онда оны Исламдық қарсыласу майданы оны қолдайды»,- деді. Харази шәһид  Қасем Сүлейманидің басқа елдердегі Исламдық қарсыласу күштерін қолдаудағы рөлін жоғары бағалап: «Осы кезде басқыншылар мен шетелдік үстемдікке қарсы күресте маңызды рөл атқаратын Ливандағы Хизболланың, Палестинадағы Хамас пен Исламдық қозғалысының, Ирактағы Хашад аш-Шабидің, Сириядағы халықтық қарсылық пен Йемендегі Ансаролла  күштерін көріп отырмыз»,- деп сөзін жалғады.