Қар 10, 2021 20:38 Asia/Almaty
  • Делидегі аймақтық қауіпсіздік диалогы отырысы; Иран аймақтық ынтымақтастықты арттыру қажеттігін қуаттайды

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани сәрсенбі күні Делиде өткен аймақтық қауіпсіздік диалогының үшінші отырысында Иранның аймақтағы тұрақты қауіпсіздік туралы көзқарастарын баяндады.

 

Шамхани АҚШ-тың Ауғанстанды басып алуының салдары мен зардаптарына тоқталып: «20 жыл бұрын АҚШ Талибан мен әл-Қаидаға қарсы тұру және лаңкестікпен және осы дағдарыстың барлық факторларымен күресеміз деген сылтаумен Ауғанстанды басып алды. Нәтижесенде дағдарысқа ұшыраған бұл елдегі барлық  факторлар бұрынғысынан нашарлады»,- деді. Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ-тың мәлімдеген үкімет құру мен ұлттандырудың жүзеге аспағанына тоқталып: «АҚШ ауыр жеңіліске ұшырап, елден қашуға мәжбүр болды. Бүгін Ауғанстанда тау-талай проблемалар қалды, оларды шешу бәріміздің міндетіміз»,- дер сөзін жалғады. Қауіпсіздікті сақтаймыз деген желеумен шетелдіктердің аймақта орналасуы  стратегиялық қателік болып табылады және бұл қателіктің шығыны аймақ елдеріне жүктелді.  Ауғанстан мен Ирак бұл саладағы екі мысал. Бүгінде аймақ елдері мен халықаралық қауымдастық АҚШ-тың тұрақсыздықты тудыратын және қауіпсіздікті ілгерілетудегі жойқын рөлін жақсы біледі.

Саяси сарапшы Қасем Мохебәли: «АҚШ пен сионистік режим аймақтағы кейбір араб елдерімен, соның ішінде Сауд Арабиясымен ынтымақтастық етіп, аймақта дағдарыс пен шиеленіс және қақтығыстарын тудыруды көздеп отыр»,- деді. Осы тұрғыдан алғанда Дели басқосуының мақсаттарын үш мәселе төңірегінде маңызды деп санауға болады. Бірінші тақырып, аймақтағы қауіпсіздік тұрақсыздығы себептерін және аймақтағы тұрақтылықты бұзатын негізгі ағымдарды зерттеу. Негізінде АҚШ-тың стратегиялық мақсаттарының бірі – аймақ елдерін АҚШ-қа тәуелді етіп ұстау. Бұл әдісті ағылшындар американдықтардан бұрын қолданып,  Үндістан жері мен Парсы шығанағындағы халықтардың байлығын талан-таражға салған. Екінші тақырып, аймақтағы қауіп-қатердің салдарын және оның экономикалық артта қалу мен  аймақ пен көршілес елдер арасындағы достық қарым-қатынаста сенімсіздік пен алшақтық туғызу әсерін түсіндіру. Үшінші тақырып, аймақ елдерінің ынтымақтастығымен ортақ қауіпсіздік шешімдерін жасау үшін сындарлы және тиімді перспективаларды қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан алғанда, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшысының  Дели отырысындағы сөздері және Иранның аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау туралы көзқарастарын білдіруі екі бағытта стратегиялық маңыздылыққа ие: біріншіден, «ұжымдық қауіпсіздік» тұжырымдамасын ортақ түсінуге негізделген «барлығы үшін қауіпсіздік» қағидасына баса назар аударылады және екіншіден, аймақтағы американдық   оқиғалардың мақсатын түсіндіру. Иран Сирия мен Ирактағы тәкфирлік лаңкестікке қарсы тұрды және осылайша аймақ пен әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде рөл атқарды.  Әли Шамхани айтқандай, Иран Ауғанстан мен барлық көрші елдер мен аймаққа пайда әкелетін бағдарламаларға көшу үшін Ауғанстанның ішіндегі және сыртындағы ойыншылармен жұмыс істеуде.

 

Тегтер