Наурузи: Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының арналары медиа майданның алғы шебінде
https://itolqyn.com/news/iran-i56686-Наурузи_Иран_Телерадио_бірлестігі_әлемдік_қызмет_торабының_арналары_медиа_майданның_алғы_шебінде
ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының басшысы: «Әлемдік қызмет торабының арналары медиа майданның алғы шебінде»,-деп қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 15, 2021 15:46 Asia/Almaty
  • Наурузи: Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының арналары медиа майданның алғы шебінде

ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының басшысы: «Әлемдік қызмет торабының арналары медиа майданның алғы шебінде»,-деп қуаттады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмад Наурузи кеше, жексенбі күні Sahar халықаралық арнасының телерадио өнімдерінің алғашқы фестивалінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінде осы департаменттегі телерадио арналарды сақтаудың маңыздылығына тоқталып, әрбір сәтті әлемнің түкпір-түкпіріне ИИР-ның жолдауын жеткізу үшін қолдануға кеңес берді.

Наурузи: «Иранда Ибраһим Раиси президент болып сайланып, жаңа министрлер кабинеті құрылып, «Шығысқа назар салу» саясаты қабылданғаннан кейін әлемдік қызмет осы саясатты жалғастырады. Соның бір мысалы ретінде Ауғанстанда Sahar арнасын іске қосу жолындағы кедергілерді жоюға талпыныстарды айтуға болады»,-деді.