Раиси: Теһран мен Ереванның әріптестігін дамыту аймақ экономикасына септігін тигізеді
(last modified Mon, 03 Jan 2022 12:08:44 GMT )
Қаң 03, 2022 18:08 Asia/Almaty
  • Раиси: Теһран мен Ереванның әріптестігін дамыту аймақ экономикасына септігін тигізеді

Иран Президенті Иран мен Армения арасында сауда-экономикалық қатынас деңгейін арттырудың маңыздылығына тоқталып: "Теһран мен Ереван арасында экономикалық ынтымақтастық деңгейін жоғарылату тараптардың мүдделерін қамтамасыз етумен қоса, қауіпсіздікті де нығайтатын болады",-деді.

Раиси Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сұхбаттасып: "Кавказ аймағының сезімтал жағдайы аймақ елдерінің жүйелі түрде екіжақты және аймақтық мәселелер туралы пікір алмасып тұруын талап етеді",-деді.

Иран Президенті: "Теһран үкіметінің принципті саясаты – елдердің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдау. Теһран осы аяда Арменияның өз территориясы мен байланыс жолдарын толық басқаруға құқы барын қабылдайды",-деді.

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян: "Иранмен экономикалық байланыстарды барлық салада арттыруға және екі елдің экономикалық ынтымақтастық туралы ортақ комиссиясының жұмысын одан ары жандандыруға бекіп отырмыз",-деді.