Шамхани: Санкцияларды тиімді алып тастамай, экономикалық пайда сағым сияқты
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Санкциялар жан-жақты және тиімді жойылмайынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тұрақты экономикалық пайдасы сағымға ұқсайды» деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, адмирал Әли Шамхани сейсенбі күні өзінің Twitter-дегі парақшасында санкциялардың жан-жақты және тиімді жойылуы туралы: «Иранның экономикалық және технологиялық мүмкіндіктері біріктірілген құрылымға ие, сондықтан санкциялардың жойылуы барлық секторлар үшін бірдей сипатта болуы керек. Алдыңғы тәжірибе көрсеткендей, санкцияларды жан-жақты және тиімді алып тастамай, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тұрақты экономикалық пайда көбірек сағымға ұқсайды»,- деп жазды.