Раиси: Иранда 4 млн ауғандық тұрады
ИИР Президенті: "Еуропалықтардың көмектесу туралы уәждеріне керісінше, Иранда 4 млн ауғандық тұрады",-деді.
Раиси: "Иран ауғандықтарға қатысты жауапкершілік сезінеді. Ал еуропалықтар Ауғанстан мәселесін тек өздерінің саяси талап-тілектері үшін қолданады",-деді.
Раиси: "Қазіргі таңда Ауғанстандағы маңызды мәселе – барлық қауымдар мен топтардың қатысуымен инклюзивті үкімет құру",-деді.
Иран Президенті Хорасан-е Разави облысында тұратын Ауғанстан азаматтарына қатысты сұраққа: "Осы азаматтардың өмір сүруі, оқуы мен жұмыс істеуі Иран үшін маңызды, сондықтан Миграция ұйымы атты орталық механизм құру қарастырылды. Ұйымның кеңселерін Хорасан-е Разави мен басқа облыстарда ашу көзделіп отыр",-деп жауап берді.