Қалибаф: Палестина – ислам әлемінің басты тақырыбы
https://itolqyn.com/news/iran-i60654
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Дүниежүзілік Құдс күні қарсаңында: «Палестина – ислам әлемі мен ислам үмбетінің басты тақырыбы»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 28, 2022 15:49 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Палестина – ислам әлемінің басты тақырыбы

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Дүниежүзілік Құдс күні қарсаңында: «Палестина – ислам әлемі мен ислам үмбетінің басты тақырыбы»,-деді.

Мұхаммед Бағер Қалибаф Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында имам Хомейнидің (р.) Дүниежүзілік Құдс күнін белгілегеніне тоқталып: «Хазірет имам бұл күнді стратегиялық көзқараспен Дүниежүзілік Құдс күні деп жариялады. Бүкіл ислам үмбеті мен әлемде азаттықты талап етушілер бұл күні Палестинаның мазлұм халқына қолдау ретінде шеруге қатысады»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы биыл Дүниежүзілік Құдс күнінің айрықша өтетінін айтып: «Басып алынған жерлерде Палестина халқының күресі жаңа қалыпқа енді. Сионистік режим бұдан қатты қорқып, алаңдап отыр»,-деді.