Раиси: Иран Иракта әрдайым бірлік болуын қалайды
(last modified Thu, 05 May 2022 09:14:20 GMT )
Maм 05, 2022 15:14 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран Иракта әрдайым бірлік болуын қалайды

Иран Президенті Теһран үкіметінің Иракта әрдайым бірлік пен біртұтастық болуын қалайтынын айтып: «Иракта соңғы парламенттік сайлаудың саяси үдерісі мықты үкімет құрумен тез арада аяқталады»,-деп үміт білдірді.

Раиси сәрсенбі күні Ирактың Премьер-министрі Мұстафа әл-Каземидің қоңырауына жауабында Ирак үкіметі мен халқын Ораза айт мерекесімен құттықтап, денсаулық пен қауіпсіздік тіледі.

Раиси: «Иран әрдайым Иракта бірлік пен біртұтастық болуын қалайды. Иракта соңғы парламенттік сайлаудың саяси үдерісі мықты үкімет құрумен тез арада аяқталады деп үміттенемін»,-деді.  

Ирактың Премьер-министрі Мұстафа әл-Каземи де Иран үкіметі мен халқын Ораза айт мерекесімен құттықтап, Иранның Иракты қолдағанына алғыс айтты.  

Тегтер